Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында ерлі-зайыптыларды атты деген күдікпен 24 жастағы жігіт ұсталды

Опубликовано:

Қару
Көрнекі фото: pixabay.com

Талдықорған тұрғыны ерлі-зайыптыларды атып, жаралады деген күдікке ілінді. Олар қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Оқиғаның мән-жайын өңірлік полиция департаменті баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға 8 маусым күні Ескелді ауданында болған.

Қоңыр ауылының тұрғыны 34 жастағы азамат пен оның 31 жастағы әйелін мылтықпен атқан. Ерлі-зайыптылар ауруханаға жеткізілген, ал күдіктіні полиция ұстаған. Ол бұған дейін ұрлық үшін бірнеше рет сотталған Талдықорған қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, жас жігіт Mitsubishi Pajero көлігімен ауыл көшесінде қатты жылдамдықпен жүріп өткен, салдарынан шаң көтерілген. Оның бұл әрекеті жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған.

"Жанжал ерлі-зайыптылардың жігітке ескерту жасағанынан басталған. Жанжал барысында арада төбелес туындап, ол жол талғамайтын көлігінде өзімен бірге алып жүрген қарудан оқ атқан. Салдарынан ерлі-зайыптылар оқ жарақатын алып, ауруханаға түсті.

Іс Қылмыстық кодекстің 24-бабын есепке ала отырып, 99-бабы ("Өлтіруге оқталу") бойынша қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді өңірлік полиция департаментінен.

Ведомство ұсталған азаматтан еш жерде тіркелмеген 12 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленгенін, қару заттай дәлелдеме ретінде қылмыстық іс материалдарына қосылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973408-zetisu-oblysynda-erli-zaiyptylardy-atty-degen-kudikpen-24-zastagy-zigit-ustaldy/

pixel