Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында тереңдігі 15 метр болатын құдыққа түсіп кеткен жігіт құтқарылды (фото)

Опубликовано:

Құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен жігітті құтқаруда
Оқиға орнынан фото: Қостанай облыстық ПД

Қостанай облысы Қамысты ауданында құдыққа түсіп кеткен жігіт құтқарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 9 маусым күні Арқа ауылында болған. Құтқарушыларға хабарлама жергілікті полицейден сағат 07:55-те келіп түскен.

Оқиға орнына Қамысты ауылының №18 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келген. Осы уақыт аралығында зардап шеккен жігіттің қасында учаскелік инспектор мен жергілікті фельдшер болған.

Құтқарушылар құдықта су жоқ екенін, ал оның тереңдігі 15 метрге жететінін анықтаған. Ал жігіт оның түбінде жатқан. Осылайша, құтқарушылар арқанның көмегімен жігітті шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен жігітті құтқаруда
Оқиға орнынан фото: Қостанай облыстық ПД

Дәрігерлердің алдын ала диагнозы бойынша 2001 жылы туған жігіттің омыртқасы сынып, жұлынына зақым келген.

Ол шұғыл түрде Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілді.

Болжам бойынша жігіт өзінің абайсыздығынан құдыққа түсіп кеткен болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973415-qostanai-oblysynda-terendegi-15-metr-bolatyn-qudyqqa-tusip-ketken-zigit-qutqaryldy-foto/

pixel