Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде алты күннен бері із-түзсіз кеткен жасөспірімнің денесі өзеннен табылды

Опубликовано:

Өзен
Көрнекі фото: pxhere.com

Өскемен қаласындағы Үлбі өзенінен із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы жігіттің денесі табылды. Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, маусым күні жасөспірімнің жоғалғаны туралы полицияға хабар түскен.

Оның үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмағаны айтылған.

"Зейнеткер тәртіп сақшыларынан немересін тауып беруді сұрады. Жедел-іздестіру жұмысына еріктілер де атсалысты. Соның нәтижесінде 17 жастағы жігіттің денесі Үлбі өзенінен табылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бірқатар медициналық сараптама тағайындалды.

Осыдан соң жасөспірім өліміне не себеп болғаны анықталмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 14 жастағы бала Жайық өзенінің рұқсат етілмеген аумағында суға түсіп, батып кеткен еді.

Қайғылы жағдай Ақжайық ауданының Алмалы ауылында 28 мамыр күні болды.

Марқұмның денесі 29 мамыр күні сағат 07.00-де оқиға болған жерден 50-60 шақырым қашықтан табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973436-oskemende-alty-kunnen-beri-iz-tuzsiz-ketken-zasospirimnin-denesi-ozennen-tabyldy/

pixel