Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл деген масқара ғой": Ақтөбеде қаңғыбас иттер бір үйдің 20-ға жуық қазы мен тауығын қырып кеткен (видео)

Опубликовано:

қаңғыбас иттер үй құстарын қырып кетті
Видеодан кадр: Хабар 24

Ақтөбе қаласының маңындағы Ақжар-1 ауылында бір үйдің 20-ға жуық қазы мен тауығын қаңғыбас иттер қырып кеткен, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Үй иесі Салиха Күзенованың айтуынша, иттердің даусын естіп, таңғы алты жарымда далаға шыққан кезде әр жерде өлексесі жатқан құстарын көрген.

Қаңғыбас иттер ауласындағы алты қазы мен күркетауықтарын және тауық пен балапандарын қырып кеткен.

"Не шара қолдануға болады? Бұл деген масқара ғой, неше адамды талап жатыр. Бір күні адамға шауып, адамды да өлтіруі мүмкін ғой", - дейді ол.

Осы орайда ауыл тұрғындары иесіз иттерді жоюға тыйым салатын заңды қайта қарауды талап етіп отыр. Ал Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы қаңғыбас иттерді заң жүзінде жоюдың бір ғана жолы бар екенін жеткізді.

Ол үшін тұрғындар учаскелік полиция инспекторына арыздануы керек.

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңның 15 бабы, 4-тармағына сәйкес  жануарларға немесе адамдарға қауіп төндіру, шабуыл жағдайлары болса, ол ит заң бойынша жойылады", - дейді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Шахидолла Рахимов.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында ауыл тұрғындары қаңғыбас иттердің малға шабуы көбейіп кеткенін айтып, дабыл қаққан еді.

Одан бөлек Ақтөбеде 13 жастағы оқушы қызды бұралқы иттер талап тастаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973464-bul-degen-masqara-goi-aqtobede-qangybas-itter-bir-uidin-20-ga-zuyq-qazy-men-tauygyn-qyryp-ketken-video/

pixel