Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

35 градусқа дейін ыстық: Демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаз мезгілі
Көрнекі фото: pexels.com

"Қазгидромет РМК" ресми сайтында 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері республиканың барлық дерлік аумағында ауа райы тұрақсыз болады.

Мәселен, 11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Ал республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы күндіз 22-30 градустан 17-26 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік-батыста 25-35 градусқа дейін ыстық болса, солтүстікте ауа температурасы 20-28-ден 25-30 градусқа дейін ауытқиды.

Шығыста ауа температурасы 28-37 градустан 24-33-қа дейін төмендесе, орталықта керісінше 22-30-дан 27-32 градусқа дейін жоғарылайды.

Оңтүстікте 35 градус ыстық болса, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 25-35-тен 20-30 градусқа дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973545-35-gradusqa-deiin-ystyq-demalys-kunderi-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel