Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде полицей өртеніп жатқан көліктің рөліне отырды (видео)

Опубликовано:

Өртеніп жатқан көлік
Видеодан кадр: Ақтөбе облыстық ПД

Бүгін, 10 маусым күні таңертең Ақтөбе орталық стадионында жол талғамайтын көлік өртке оранды. Ал оның қасында тұрған темір тұлпарды полицей қауіпсіз аймаққа айдап әкетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, орталық стадион аумағында жүрген полицейлер Ford маркалы көлігі өртке оранып жатқанын байқаған.

Ал оның қасында Renault көлігі тұрған. Полицей Сабыржан Қуандық иесінен кілтін ала сала, алдыңғы дөңгелегі мен шетіне өрт тиген Renault көлігін қауіпсіз аймаққа айдап әкеткен.

Өртеніп жатқан көлік
Сабыржан Қуандық. Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Видеодан тәртіп сақшысына әйел адамның жүгіріп келгенін, жарылыс дауысын естіген соң автокөлігін айдап "кетуді сұрағанын байқауға болады.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жол талғамайтын көліктегі өртті өшірді. Ал Renault иесі полицейлерге батылдығы үшін алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973556-aqtobede-policei-ortenip-zatqan-koliktin-roline-otyrdy-video/

pixel