Шымкентте жоғалып кеткен үш жасар бала табылды

Опубликовано:

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттік полицейлер көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген үш жасар баланы тауып алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция дерегіне сүйенсек, оқиға Асар ықшамауданында болған. Тәртіп сақшылары ересектердің қарауынсыз жылап жүрген үш жасар баланы байқап қалған. Оның адасқанын түсінген құқыққорғаушылар баланың ата-анасын іздей бастаған.

Осы мақсатта полицейлер әріптестеріне хабар беріп, жақын маңдағы аймақтарды тексеріп шыққан. Аталған шара нәтижесінде екі сағатта баланың анасы табылды.

"Ұлым аулада ойнап жүрген. Біз оның көшеге қалай шығып кеткенін байқамай қалдық. Отбасымызбен іздедік. Полициядан хабарласып, ұлымды тапқаны туралы хабарды естігенде қуанышымда шек болмады. Сіздерге рахмет",- деді баланың анасы.

Полицейлер қала тұрғынына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973568-symkentte-zogalyp-ketken-us-zasar-bala-tabyldy/