Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Сатыбалдыұлы мен Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Қайрат Боранбаев, Қайрат Сатыбалдыұлы мен оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайты.

2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты.

Дәл сол күні сот күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға созды.

Ал 7 маусымда Гүлмира Сатыбалдыға қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 1 айға ұзартылды.

Еске салайық, наурыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" қаржысын жымқыру фактісі бойынша Қайрат Сатыбалдыұлын ұстаған еді. Артынша ол қамауға алынды. Ал көп ұзамай оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының құрықталғаны белгілі болды.

Сондай-ақ наурыз айында кәсіпкер Қайрат Боранбаев та тұтқындалды. Қаржы мониторингі жөніндегі агенттік мәліметінше, Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса көп мөлшердегі қаржыны жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973587-qairat-satybaldyuly-men-qairat-boranbaevty-qamauda-ustau-merzimi-uzardy/

pixel