Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшыларының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

қылмыстық іс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағандыда "АрселорМиттал Теміртау" жұмысшыларының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі ("Тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарын бұзу") бойынша қозғалды.

"Оқиға орнында Теміртау қаласының полиция департаменті мен ПБ жедел-тергеу топтары жұмыс істеуде. Мән-жайлар анықталып жатыр", - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Одан бөлек, төтенше жағдайды тергеумен арнайы комиссия айналысып жатыр. Қазіргі уақытта ТЖ орнында Қарағанды облыстық ТЖД 27 құтқарушысы мен 7 техника бірлігі, сондай-ақ, "Серіктес Өрт Сөндіруші" ЖШС 10 жұмысшысы мен екі техника бірлігі жұмыс істеуде.

Оқиға орнында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, ТЖД және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті басшылары да бар.

Еске салайық, "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт адамның өліміне әкеп соққан оқиға жұмыс істемейтін жылу пешіндегі отқа төзімді кірпішті бөлшектеу кезінде болған еді. ТЖ салдарынан төрт адам қаза тауып, бір адам ауруханаға жатқызылды.

Көп ұзамай өңірлік денсаулық сақтау басқармасы төтенше жағдайдан аман қалған 1994 жылғы азаматтың жағдайы туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973626-arselormittal-temirtau-zumyssylarynyn-olimine-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel