Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-да ең жоғары 139 балл жинаған екі оқушының ереже бұзғаны анықталды

Опубликовано:

ҰБТ
Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл ҰБТ басталғалы бері 139 балл жинаған екі талапкер тіркелді. Алайда қайта тексеру кезінде олардың ереже бұзғаны анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев өз Instagram парақшасында жазды.

"ҰБТ-2022 басталғалы бері 139 балл жинаған екі талапкер тіркелді. Сіздер ҰБТ-да өз білімдеріңізбен жоғары ұпай жинасаңыздар, біз қатты қуанамыз. Бірақ академиялық адалдық қағидаларын сақтамай, оңай тапсыру жолдарына жүгінетін талапкерлер бар.

Сондықтан сіздерге қуанышты жаңалықты айтар алдында қосымша тексеріс жүргізуді жөн көрдік. Өкінішке қарай, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталды. Тиісті шаралар қолданып, тестіленушілердің ұпайын жойдық", - деді ол.

Емелбаев терең білімнің арқасында 140 балл жинайтын талапкер тіркелетініне сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973628-ubt-da-en-zogary-139-ball-zinagan-eki-oqusynyn-ereze-buzgany-anyqtaldy/

pixel