Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның барлық қаласында ауа сапасы қолайлы болады

Опубликовано:

Аспан
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, 11 маусымда барлық қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973633-qazaqstannyn-barlyq-qalasynda-aua-sapasy-qolaily-bolady/

pixel