Өткен тәулікте қанша адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Опубликовано:

Өткен тәулікте елімізде тағы 12 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Жаңартылған ақпаратты COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жариялады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, инфекция Нұр-Сұлтан қаласында 7 адамнан, Алматы қаласында 5 адамнан анықталған.
Осымен елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 849-ға жетті.
Айта кетейік, 9 маусымда коронавирус жұқтырудың тағы 9 дерегі тіркелген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973643-otken-taulikte-qansa-adamnan-koronavirus-infekciyasy-anyqtaldy/