Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Иттің өмірі баладан қымбат па?": Ақтөбеде мектеп директоры оқушының өлімінен соң депутаттарға сын айтты

Опубликовано:

Мектеп директоры депутаттарға шүйлікті
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбеде 12 жасар мектеп оқушысының өлімі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ал жануарға таланып, мерт болған оқушы білім алатын №60 мектептің директоры Абзал Тәжімішев бұл оқиғадан басшылық сабақ алу керектігін ескертті, деп хабарлайды Диапазон газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз баланың денесі табылды деген соң, оқиға орнына бардық. Мені ол жерге жіберген жоқ. Содан соң сынып жетекшілеріне тапсырма беріп, оқушылардың үйде бар-жоғын тексеруді сұрадым. Нәтижесінде бір баланың үйде жоқтығы анықталды. Ал таңертең итке таланған бала біздің мектеп оқушысы екені расталды. Ол үшінші сыныпта оқитын еді", - дейді директор.

Абзал Тәжімішев иттерді атуға тыйым салатын заңды қабылдаған халық қалауларын сынға алды.

"Бұған дейін де бір оқушыны ит қауып алған. Бірақ 2022 жылғы 18 ақпанда қабылданған заң бар екен. Иттерді атпай, арнайы паналарға орналастыру керек. Осының салдарынан жергілікті атқарушы органдар да ештеңе істей алмай отыр.

Біз Еуропа емеспіз ғой?! Ит түгілі, адамдардың жағдайын жасай алмай отырмыз. Мұндай заң қабылдады екен, ендеше, орындалуын да талап етсін. Иттерге арналған пана жасалсын, сонда тоғытсын бәрін. Материалдық және қаржылық жағын реттемейді, бірақ заң қабылдайды. Мұны қалай түсінеміз?

Марқұм оқушының атасы айтқан сөз әлі есімде. "Бұл елде иттің өмірі баланың өмірінен қымбат па?", - деп сұрады ол. Заң қабылдаған соң, оны орындау қажет", - дейді Абзал Тәжімішев.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде 12 жасар баланың денесі табылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973669-ittin-omiri-baladan-qymbat-pa-aqtobede-mektep-direktory-oqusynyn-oliminen-son-deputattarga-syn-aitty/

pixel