Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда тұрақта өртенген көліктерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанайда тұрақта өртенген көліктерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қостанай қаласы "Береке" ауданында көліктердің өртенуіне қатысты полиция Қылмыстық Кодекстің 202-бабы 2-бөлігі, яғни "бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", – делінген ведомство хабарламасында.

Кеше, 10 маусым күні, Қостанайда "Береке" ауданында 52 және 53 үйлер арасындағы көлік тұрағынан өрт шықты.

Оқиға түнгі сағат 03:44-те болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 03:54-те келіп, өртке оранған Hyundai Elantra маркалы автокөліктегі жалынды сөндірген. От жақын маңдағы ГАЗ-21 машинасына тез тарады.

Өрт төрт шаршы метрге жайылып, төрт көлік зақымданды.

Қазіргі таңда жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973706-qostanaida-turaqta-ortengen-kolikterge-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel