Бүгін еліміздің үш мегаполисінде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін
Опубликовано:

Бүгін, 13 маусымда еліміздің үш ірі қаласы - Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін елордада жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Сонымен қатар жел күшейіп, оның екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 26-28 градус жылы болмақ.
Алматыда да бүгін найзағай ойнап, жел 14 м/с дейін күшеюі ықтимал. Күндіз сынап бағанасы 29-31 градус ыстықты көрсетеді.
Ал Шымкент қаласында найзағай ойнап, жаңбыр жауады және жел 15-20 м/с дейін күшейеді деп болжануда. Синоптиктердің дерегінше, күндіз өңірде 30-32 градус ыстық болады деп күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973745-bugin-elimizdin-us-megapolisinde-naizagai-oinap-zanbyr-zauuy-mumkin/