Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да моторлы қайықпен өзенге шығып, жоғалып кеткен екі ер адам табылды (видео)

Опубликовано:

қайық
Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd

Шығыс Қазақстан облысында моторлы қайықпен өзенге шығып, жоғалып кеткен екі ер адам құтқарушылар тауып алды. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, құтқарушылар жоғалған азаматтарды Белопорожка өзенінің жағасынан тапқан.

Белгілі болғандай, суға шыққаннан кейін жергілікті тұрғындардың моторлы қайығы істен шыққан.

Құтқарушылар табылған екі ер адамды Қарағожиха ауылына жеткізгенін атап өтті. Жергілікті тұрғындардың жарақат алмағаны, медициналық көмекке мұқтаж болмағаны анықталды.

Құтқарушылар азаматтарға судағы қауіпсіздік шараларын тағы да еске салды. Олар қазақстандықтардан өз өміріне қауіп төндірмеуді және қауіпті бағытты таңдамауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973783-sqo-da-motorly-qaiyqpen-ozenge-sygyp-zogalyp-ketken-eki-er-adam-tabyldy-video/

pixel