Жетісу облысындағы әкім сайлауында сиясы өшіп кететін қалам қолданылды деген видео тарады

Опубликовано:

ер адамның қолы
Видеодан кадр: instagram.com/ushtobeqz

Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Үштөбе қаласы әкімінің сайлауында сиясы өшіп кететін қаламның қолданылғаны туралы видео пайда болды. Бұған қатысты Қаратал аудандық әкімдігі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі ushtobeqz тобында жарияланды.

Онда Үштөбеде сайлау учаскесіне келген адамның қағазға қаламмен жазатыны, содан кейін сияны оттықтың көмегімен өшіретіні айтылған.

Бұған қатысты Қаратал аудандық әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді.

"Бұл видеоны автор арандатушылық пен дүрліктіру мақсатында түсірген деген күдік бар. Залда екі бейнебақылау камерасы орнатылған және мектеп аумағында тағы 20 камера бар.

Видео авторы қаламды өзі әдейі әкелген шығар. Ол басқа қаламдарға ұқсайды, көк түсті", - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Бұл іс бойынша прокуратура қылмыстық іс қозғады. Толық ақпарат кейінірек жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973797-zetisu-oblysyndagy-akim-sailauynda-siyasy-osip-ketetin-qalam-qoldanyldy-degen-video-tarady/