Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда "КамАЗ" дөңгелегі жарылып, әскери қызметкер қайтыс болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда әскери қызметші қаза тапты. Бұған қатысты Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 12 маусымда сағат 19.15-те келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметші Тұрсымбаев 5512 әскери бөлімінің саябағында "КамАЗ" әскери жүк көлігінің артқы дөңгелегінің желін үрлеу кезінде дөңгелек жарылып, басынан алған жарақат салдарынан қаза тапқан.

Қазіргі кезде аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі қосымша хабарланады.

"Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы марқұм аға сержанттың отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы 1990 жылы туған ер адам алған жарақаты салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын хабарлады.

"Әріптестерінің айтуынша, ол "КамАЗ" дөңгелегіне жел үрлеген, содан кейін жарылыс болған", - деп толықтырды ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973848-pavlodarda-kamaz-dongelegi-zarylyp-askeri-qyzmetker-qaitys-boldy/

pixel