Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі ҚазҰМУ ректоры болып тағайындалды

Опубликовано:

Марат Шоранов
Марат Шоранов. Фото: gov.kz

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (ҚазҰМУ) ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ЖОО ресми сайтында.

"Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен жаңа басқарма төрағасы - "С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КЕАҚ ректоры тағайындалды. ҚазҰМУ-ды Марат Едігеұлы Шоранов басқаратын болды. Бұйрық 2022 жылғы 13 маусымда жарияланды", - делінген хабарламада.

Университет басшылығы Шорановтың ЖОО-ның 15-ректоры екенін атап өтті.

Айта кетейік, Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.

2013-2017 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2017-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған.

2020 жылғы маусымнан бастап жаңа қызметіне дейін денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973859-buryngy-vice-ministr-qazumu-rektory-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel