Жаңа үш облыстың көліктеріне қандай код берілуі мүмкін
Опубликовано:

Ұлттық экономика министрі ОКҚ брифингінде Қазақстанда жаңадан құрылған үш облыстың көліктеріне қандай цифрлық код берілуі мүмкін деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Менің ойымша, бұл қазіргідей алфавиттік ретпен 18, 19, 20 нөмірлері болады деп ойлаймын. Бірақ мен нақты жауабын білмеймін. Мұны біз шешпейміз. Тіпті бұл мәселе бізде талқыланбады. Біздің құзыретімізге жатпайды", - дейді Әлібек Қуантыров.
Министр нақты жауап алу үшін Ішкі істер министрлігіне жүгінуді ұсынды.
Айта кетейік, егер жаңа облыстарға кодтар әліпби тәртібімен берілсе, Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19, Ұлытау облысы - 20 нөмірімен белгіленеді.
Естеріңізге сала кетейік, 8 маусымда мемлекет басшысының Қазақстанда үш жаңа: Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы жарлығы күшіне енді.
Кейін үш облыстың әкімдері тағайындалды. Енді Абай облысын Нұрлан Ұранхаев, Жетісу облысын Бейбіт Исабаев, Ұлытау облысын Берік Әбдіғалиұлы басқарады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973893-zana-us-oblystyn-kolikterine-qandai-kod-berilui-mumkin/