Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК мұнай өнімдерін шекара арқылы тасымалдауға қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Дизель отыны
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұнай өнімдерін шекара арқылы тасымалдауға қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Мәлімдеме ҰҚК ресми Facebook парақшасында жарияланды.

"Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасындағы жоғары сұранысқа ие бензин маркаларының құн айырмасы нәтижесінде, қазіргі уақытта Қазақстан-Қырғызстан шекарасы арқылы жанар-жағармай материалдарын тасымалдаушы автокөлік құралдары санының ұлғайғаны байқалуда. Оның барысында тасымалдау ережелерінің бұзылуы да тіркеліп отыр (зауытпен қарастырылмаған қосымша бензин бактарын орнату не оларды кеңейту).

Тасымалдаушылардың осы санатына қатысты мемлекеттік шекараны кесіп өту жиілігіне шектеудің болмауы өткізу пункттеріне жүктемені едәуір арттырады және шекаралық өткелдерге тікелей жақын жерде автокөлік құралдарының жиналуына алғышарттар тудырады", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ ведомство жанар-жағармай тасымалдау үшін жеке автокөлікті пайдаланатын азаматтар көбіне қауіпсіздік ережелерін ескермейтінін, өз кезегінде бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін хабарлады.

Осылайша, шекара қызметі қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында аталған тәсілмен жанар-жағармай тасымалдау әрекетінен бас тартуды ұсынып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974061-uqk-munai-onimderin-sekara-arqyly-tasymaldauga-qatysty-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel