Ресейлік блогер өзін Ақтөбеде әлдекімдер тонап кеткенін айтты (видео)

Опубликовано:

Артурға шабуыл жасалды
Видеодан кадр: "Странник Артур"/ Youtube

Ресейлік "Странник Артур" лақап атымен танымал тревел-блогер Қазақстан мен Моңғолияны велосипедпен аралап, өз саяхатын Алтайда аяқтауды жоспарлаған. Алайда оған Ақтөбеде бір топ адам шабуыл жасаған. Аталған жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды "Диапозон" басылымы.

Артур Қазақстан, Моңғолия мен Ресей арқылы жүріп өтуді жоспарлаған. Саяхаттап жүрген азамат өз арнасына үш видео жүктеген. Олардың бірінде Артур Ақтөбеде өзіне шабуыл жасалғанын айтқан.

"Мені Қазақстанның Ақтөбе қаласында тонап кетті. Қазір Ресейге жеттім. Менің ақшам да болмады, полиция билетке ақша берді, Орынборға жеттім",- деді блогер.

Артурдың сөзінше, ол кешкі уақытта Ақтөбеде велосипедпен қыдырып жүрген.

"Белгісіз жігіттер келіп, маған шабуыл жасап, тонап кетті", - деді ол.

Блогер шабуыл жасаушылар велосипеді мен Iphone ұялы телефонын, саяхаттауға арналған ақшасы салынған сөмкесін ұрлап кеткенін де айтты. Осылайша, оның қалтасында тек құжаттары, бейнекамерасы мен 2000 теңге қалған екен.

Аталған жайтқа қатысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Алдын ала тергеу барысында жәбірленуші мас болған соң велосипедтің қалай жоғалғанын білмейтіні анықталды. Алайда полиция қызметкерлері велосипедті іздеу бойынша жедел іс-шаралар жүргізуде",- деді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974064-reseilik-bloger-ozin-aqtobede-aldekimder-tonap-ketkenin-aitty-video/

jitsu gif