Өскеменде жол ережесін 79 рет бұзған тұрғынға 1,6 млн теңге айыппұл салынған

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Көрнекі фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті тұрғын бірнеше рет жол ережесін бұзып, 1,6 миллион теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыста "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп, оның аясында полицейлер жол жүру ережелерін үнемі бұзған 26 жастағы Өскемен тұрғынын анықтады. Оған жалпы сомасы 1,6 млн теңгеге 79 әкімшілік айыппұл толтырылған.

"Тәртіп бұзушының автокөлігі қарызды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды", – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Зәкімов.

Полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын өткізген бір күнде пәтер және аулаларды аралап, жалпы сомасы 17 млн теңгеге салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 2 мыңнан астам азаматқа хабарлама берілгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974106-oskemende-zol-erezesin-79-ret-buzgan-turgynga-16-mln-tenge-aiyppul-salyngan/

jitsu gif