Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында екі ауылдағы су құбырын жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырғандар сотталды

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысы Темір ауданында Кеңкияқ пен Шұбарқұдық ауылдарындағы су құбырын жөндеуге бөлінген қаражатты талан-таражға салған шенеуніктер сотталды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, бюджеттің 14 миллион теңгесін жымқырды деп айыпталған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болған Жәнібек Айдашев пен оның екі сыбайласы сотталды.

Сот материалы бойынша аталған бөлім басшысы коммуналдық мекеменің директорымен сөз байласып, өзінің досына тиесілі мердігер мекемемен құбырдың жөнделгені туралы жалған құжаттар жасаған.

Осылайша, үшеуі бюджет қаражатын өзара бөліп алған. Сотталушылар кінәні толық мойындап, ұрланған қаражатты мемлекетке қайтарған. Бірақ жазадан қашып құтыла алмады.

"Сот үкімімен Айдашевқа 2 жыл 6 ай, Советоваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардың екеуі де өмір бойына мемлекетік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Тілеуғалиге 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау орнатыла отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлжанар Отарбаева.

Г. Сейтенова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974109-aqtobe-oblysynda-eki-auyldagy-su-qubyryn-zondeuge-bolingen-aqsany-zymqyrgandar-sottaldy/

pixel