Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрі жуырда елімізде электр энергиясы қымбаттауы мүмкін екенін айтты (видео)

Опубликовано:

Жарық
Көрнекі фото: pixabay.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақов алдағы алты айда Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл көмір бағасының өсуіне байланысты болып отыр, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Ақшолақовтың сөзінше, электр энергиясының қымбаттауы ең алдымен көмір бағасының өсуіне, сәйкесінше логистикалық шығындардың өсуіне байланысты.

Осы орайда министр электр энергиясы бағасының көтерілуіне себеп болған тағы бір фактор – энергия өндіруші ұйым қызметкерлерінің жалақысын көтеру екенін айтты. Олардың жалақысы қазір біршама төмен деңгейде. Бұл станциялардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет.

"Электр энергиясының бағасы алдағы жарты жылда немесе бір жылда қымбаттауы мүмкін. Өкінішке қарай, салада жалақы деңгейі айтарлықтай төмен. Сондықтан бұл қызметкерлердің кетуіне әкелуі ықтимал. Біз қазірдің өзінде олардан айырылып жатырмыз. Бұл жерде электр станциясының кірісін арттыру туралы айтып отырған жоқпыз және оны қарастырмаймыз", – деді Болат Ақшолақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974120-energetika-ministri-zuyrda-elimizde-elektr-energiyasy-qymbattauy-mumkin-ekenin-aitty-video/

pixel