Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген ақпараттан соң адамдар эвакуацияланды

Опубликовано:

сауда орталығы
Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматыда полицияға Moskva Metropolitan сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Осыған байланысты орталық қызметкерлері мен келушілер ғимараттан эвакуацияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Орталықтың Instagram парақшасында полициядан бомба қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен соң адамдар эвакуацияланғаны туралы мәлімет пайда болды.

Кейінірек, тексеріс нәтижесінде ақпараттың жалған екені анықталған. Moskva Metropolitan СОСО өкілдері қазір орталықтың штатты режимеде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Осыған байланысты пікір алу үшін NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сауал жолдады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өскемен әуежайынан күдікті зат табылды деген ақпараттан соң адамдар эвакуацияланғанын жазған едік.

Тексеріс нәтижесінде күдікті зат туралы ақпарат жалған болып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974144-almatyda-zarylgys-zat-qoiyldy-degen-aqparattan-son-sauda-ortalygynan-adamdar-evakuaciyalandy/

pixel