Шымкентте өзін полицей ретінде таныстырған СЭҚ қызметкері ұсталды
Опубликовано:

Шымкентте өзін полицей ретінде таныстырған санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылымның жазуынша, Шымкент қаласы полиция депратаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жергілікті тұрғын полицей озбырлығының құрбаны болғаны туралы арызданған.
Азаматшаның айтуынша, бейтаныс адам өзін Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі ретінде таныстырып, оны құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қоямын деп қорқытқан.
Сондай-ақ әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін "полицей" әйелден ай сайын оған 80 мың теңге көлемінде ақша беруді талап еткен. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ер адамды ақша алу үстінде ұстады.
Тексеру кезінде ұсталған адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкері екені анықталды.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974171-symkentte-ozin-policei-retinde-tanystyrgan-seq-qyzmetkeri-ustaldy/