Ақтөбеде арнайы жасақтың ер адамды ұстаған сәті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Видеодан кадр: Ақтөбе облысының полиция департаменті

Ақтөбеде полицейлер арнайы жасақ сарбаздарымен бірге бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 32 жастағы Ақтөбе тұрғыны 4 маусым күні құқық қорғау органдарына бопсалау фактісі бойынша арызданған.

Ол бейтаныс жігіттің күш көрсету арқылы қорқытып, 1 миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп алғанын жеткізген.

Күдікті бұнымен тоқтамай, біраз уақыттан кейін тағы 1,5 миллион теңге талап еткен.

"Полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 450 мың теңге көлемінде қаражатты беру кезінде бұрын сотталған 32 жастағы күдіктіні ұстады", - дейді Ақтөбе облысының полиция департаментінен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабымен ("Бопсалау") сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974230-aqtobede-arnaiy-zasaqtyn-er-adamdy-ustagan-sati-videoga-tusip-qaldy/

jitsu gif