Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жоғалған 15 жастағы жасөспірім іздестірілуде (фото)

Опубликовано:

жоғалған жасөспірім
Жоғалған жасөспірім. Фото: polisia.kz

Ақмола облысында жоғалған 15 жастағы жеткіншек іздестірілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Порталдың мәліметінше, 14 маусымда Зеренді аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Көкшетау қаласының тұрғынынан хабарлама келіп түскен.

Ол хабарламада сол күні сағат 13.00 шамасында Зеренді ауданында 15 жастағы ұлы Әскер Мансұр Саматұлының жоғалып кеткені туралы айтқан.

Хабар-ошарсыз кеткен жеткіншекті іздеуге Көкшетау қалалық полиция басқармасы және Зеренді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, тұрғындармен өзге де күштер жұмылдырылған.

Жоғалған жасөспірімнің белгілері: бойы 175 см, шашы қара, дене бітімі орташа, көздері қоңыр. Үстінде әншінің бет-бейнесі суреттелген қара футболка, қара джинсы, аяғында ақ кроссовка болған.

Полиция Әскер Мансұр жайлы қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса мына байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: (871632), 21-2-02, 102, +7-771-371-41-02, +7-702-429-03-63.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974274-aqmola-oblysynda-zogalgan-15-zastagy-bala-izdestirilude-foto/

pixel