Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Абай даңғылының бір бөлігі жабылады

Опубликовано:

Жол жөндеу жұмыстары
Көрнекі фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына жол жөндеу жұмыстарына байланысты Абай даңғылының бір бөлігінде көлік жүрісі уақытша шектелетінін ескертті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі ресми Telegram-каналында хабарлады.

16-20 маусым аралығында сағат 08:00 мен 19:00 аралығында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жоғарғы асфальт жабындысын алу үшін Абай даңғылының Өтеген батыр көшесінен Тілендиев көшесіне дейінгі оңтүстік және солтүстік бөліктерінде көлік жүрісі уақытша ішінара шектелетін болады.

Оған қоса дәл осы аралықтың оңтүстік бөлігіне жаңа асфальт жабындысын төсеу үшін 20 маусымнан 21 маусымға қараған түні сағат 23:00 мен 06:00 аралығында, ал солтүстік бөлігінде 21 маусымнан 22 маусымға қараған түні (23:00-06:00) аралығында көлік жүрісі толық шектелмек.

"Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974279-almatyda-zondeu-zumystaryna-bailanysty-abai-dangylynyn-bir-boligi-zabylady/

pixel