Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпшілік "Қайрат" футболшысының голын Месси соққан голмен салыстыруда (видео)

Опубликовано:

Жалолиддинов Жасур
Фото: Twitter/championatasia

Алматылық "Қайраттың" ойыншысы Жасұр Жалолиддинов футболдан жастар арасындағы Азия кубогы үшін өткен жартылай финалдық мачта көзге түсті. Оның соққан голын мамандар әйгілі Лионель Мессидің голымен салыстыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жастар арасындағы Азия кубогы үшін жартылай финалдық бәсеке Өзбекстан мен Жапония арасында өтті. Бұл матчта алғашқы болып 20 жастағы Жасур Жалолиддинов есеп ашты.

60-минутта алматылық "Қайрат" пен Өзбекстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысының әдемі соққысына жапониялық қақпашы тойтарыс бере алмаған.

Бұл голды көпшілік атақты аргентиналық футболшы Лионель Мессидің голымен салыстырып үлгерді.

Ал финалдық ысқырықтан бір минут бұрын Хусаин Норчаев осы матчқа нүкте қойып, есепті 2:0 жеткізді.

Енді шешуші матчта Өзбекстан құрамасы Сауд Арабиясының командасымен кездеседі. Азия кубогының "алтыны" үшін кездесу 19 маусымда Ташкентте өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974348-kopsilik-qairat-futbolsysyn-golyn-messi-soqqan-golmen-salystyruda-video/

pixel