Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жертөледе ұстады": Ақтөбеде екі адамды әлдекімдер ұрып-соғып, ақша талап еткен (видео)

Опубликовано:

күдіктілер
Күдіктілерді ұстау сәті. Видеодан кадр: Ақтөбе облысының ПД

Ақтөбеде арнайы операция барысында ақша бопсалалады деп күдікке ілінген екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарына екі жергілікті тұрғын жүгінген. Олардың сөзінше, бейтаныс адамдар физикалық күш қолданып, ұрып-соғып, көп қабатты үйдің жертөлесінде бір күн ұстаған.

Сонымен қатар бопсалап, 1,7 миллион теңгеден астам ақша алған. Олар бұнымен тоқтамай біраз уақыттан соң тағы 1,5 миллион теңге талап еткен.

Ведомство мәліметінше, полицейлер арнайы бөлімше қызметкерлерін тарта отырып, 400 мың теңгені беру кезінде 29 және 30 жастағы екі күдіктіні ұстады. Жеке тексеру кезінде олардың бірінен ақша тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабымен ("Бопсалау") сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер қамауға алынған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде полицейлер арнайы жасақ сарбаздарымен бірге бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінген ер адамды ұстағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974391-zertolede-ustady-aqtobede-eki-adamdy-aldekimder-uryp-sogyp-aqsa-talap-etken-video/

pixel