Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан әуежайы қысқартылған жұмыс режиміне көшеді

Опубликовано:

Әуежай
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан әуежайы бірнеше апта бойы шектеулі режимде жұмыс істемек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елорда әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шектеулердің жөндеу жұмыстарына байланысты екені белгілі болды.

"Нұр-Сұлтан әуежайында 2022 жылдың 15 шілдесі мен 8 тамыз аралығында жергілікті уақыт бойынша 11:00-ден 18:00-ге дейін ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты әуежай жұмысының регламенті өзгертіледі", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.

"Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешімді әуежай ағымдағы жылдың ақпан айында қабылдады, содан кейін осы жұмыстардың кестесі туралы ақпарат әуе компанияларына жіберілді", - деді әуе айлағының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974411-nur-sultan-auezaiy-qysqartylgan-zumys-rezimine-kosedi/

pixel