Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қойшы бастығының малын 16 млн теңгеге сатып жіберген": Түркістандық шаруа жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

ауа райы
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында қойшы 16 млн теңгеге бастығының малдарын сатып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Ер адамның сөзінше, оның малшыларының бірі асыл тұқымды 200-ден астам қойын талан-таражға салған.

Осылайша, жергілікті тұрғынға 16 млн теңгеден асатын шығын келген.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 189-бабы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") бойынша тіркеуге алған. Белгілі болғандай, күдікке ілінген қойшы Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

Ол 2021 жылдан бастап бағып жүрген малдарды шетінен сата берген.

Қойшы несиелері мен қарыздарын өтеу үшін бұндай қылмысқа барғанын мойындап отыр.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974467-qoisy-maldaryn-16-mln-tengege-satyp-zibergen-turkistandyq-sarua-zanaiqaiyn-zetkizdi/

pixel