Бүгін Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болуы мүмкін
Опубликовано:

Бүгін, 17 маусымда Қазақстанның екі ірі қаласында аптап ыстық болады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.
Алматыда күн жауын-шашынсыз, аздап бұлтты болады. Күндізгі уақытта сынап бағанасы +29...+31 градусты көрсетеді. Сондай-ақ самал жел соғуы мүмкін.
Синоптиктердің мәліметінше, Шымкент қаласында аптап ыстық болады, жауын-шашын жаумайды. Күндіз ауа райы +36...+38 градусқа дейін көтеріледі.
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында да күндіз сынап бағанасы +27...+29 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда. Күндіз жел соғып, екіпіні 7-12 м/с дейін жетуі ықтимал.
Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974482-bugin-almaty-men-symkentte-aptap-ystyq-boluy-mumkin/