Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда тоғызыншы сынып оқушысы сәбилі болды

Опубликовано:

нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістанда тоғызыншы сынып оқушысы ана атанды. Бұл қаңтар айында болған, алайда кәмелетке толмаған қыздың бала босанғаны туралы ақпарат енді ғана жарияланған, деп хабарлайды Otyrar.kz қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне сілтеме жасап.

Жүктілік кезінде оушы мектепке барып жүрген. Ұстаздарының сөзінше, олар қыздың аяғы ауыр екенін білмеген.

Облыстық білім басқармасы қыз ерте жаста ата-анасынсыз қалғанын хабарлады. Оны 75 жастағы әжесі тәрбиелеген.

"Тоғызыншы сынып оқушысы осы жылдың 24 қаңтарында босанды. Кәмелетке толмаған ана мемлекеттік емтихан тапсырғысы келді, біз көмектестік", - деді Түркістан адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова.

Осыған байланысты мектепте жиналыс өткен. Бала босанған соң оқушы қашықтан оқу форматына ауыстырылған. Ол емтихан тапсырып, аттестат алған.

Жасөспірім 16 жасында жүкті болған. Қазір ол баласымен бірге Шымкенттегі аналар үйінде тұрып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974509-turkistanda-togyzynsy-synyp-oqusysy-bala-bosandy/

pixel