Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда балабақшаның есепшісі мекемеде жұмыс істемейтін адамға жалақы төлеп келген

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мамандары өңір орталығындағы балабақшалардың бірінде тіркелген қаржылық құқық бұзушылықты анықтады. Белгілі болғандай, мекеме есепшісі жұмыс істемейтін адамға жалақы төлеп келген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Тексеру барысында анықталғандай, балабақшалардың бірінің есепшісі Еңбек кодексін бұза отырып, осы кәсіпорында іс жүзінде жұмыс істемейтін тұлғаға алты айдың ішінде негізсіз жалақы аударып келген, сонымен қатар басқа да төлемдер жасаған. Келтірілген шығын 367,7 мың теңгені құрады", - делінген ведомство хабарламасында.

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті бұл соманың толық өтелгенін атап өтті.

Бұдан бөлек тағы бір балабақшада қаржылық құқық бұзушылық дерегі анықталған. Мектепке дейінгі мекемеде есепшінің жарты күн жұмыс істейтін қызметкерге он ай бойы толық жұмыс күні үшін жалақы төлеген.

Тексеру материалдары процестік шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Павлодар облысы бойынша департаментіне жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974512-pavlodarda-balabaqsanyn-esepsisi-mekemede-zumys-istemeitin-adamga-zalaqy-tolep-kelgen/

pixel