Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйықтап қалған": Қостанай облысында далада адасып кеткен бала 20 сағаттан кейін табылды

Опубликовано:

бала
Фото: Қостанай облысының полиция департаменті

16 маусымда Қостанай облысындағы жайлауда 9 жасар бала жоғалып кетті. Оны іздеуге тәртіп сақшылары, ТЖД қызметкерлері және еріктілер қатысты. Дрон да қолданылды. Нәтижесінде бала жоғалған жерден 10 шақырым қашықтықта табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың ата-анасы мал бағумен айналысады және олар бірге жайлауда тұрады.

16 маусым күні таңертең шаруа қожалығының аумағынан бір отар қой жоғалып кеткен. Мал іздеуге шыққан ерлі-зайыптылар ұлын өздерімен ерте шыққан. Олар баланың басқа бағытқа қалай кетіп, назардан тыс қалғанын аңғармай қалған.

Ерлі-зайыптылар өз беттерінше ұлдарын іздеп көрген. Алайда бұл еш нәтиже бермеген соң, кешке полицияға хабарласқан.

Іздеуге тәртіп сақшылары, ТЖД қызметкерлері мен еріктілер қосылды. Барлығы 200-ден астам адам болған. Арнайы техника, дрон, қызметтік-іздестіру иттер де қолданылды.

Нәтижесінде 9 жасар бала 17 маусым күні таңғы сағат 8-де жоғалған жерден шамамен 10 шақырым қашықтықта табылды.

Баланың өзі далада адасып, ұйықтап қалғанын жеткізген. Оны іздеу жұмыстары 20 сағаттан астам уақытқа созылды.

Қазіргі уақытта бала үйінде, оны дәрігерлер қарап шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974531-uiyqtap-qalgan-qostanai-oblysynda-dalada-adasyp-qalgan-bala-20-sagattan-keiin-tabyldy/

pixel