Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 91 адам жаппай уланды: Полиция қылмыстық іс қозғады

Опубликовано:

Мейрамхана
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында тамақтан жаппай улану дерегі тіркелген болатын. Салдарынан 91 адам зардап шекті. Бұған қатысты елорданың полиция департаменті пікір білдіріп, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабы "Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Адамдар уланған жағдайда аталған бап бойынша 2000 АЕК-ке дейін (6 млн теңгедей - ред.) айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу секілді жаза түрі қолданылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында тамақтан жаппай улану фактісі тіркелгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974578-nur-sultanda-91-adam-zappai-ulandy-policiya-qylmystyq-is-qozgady/

pixel