Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолды бөлісе алмай жанжал туындаған: Павлодар облысында ер адам соққыға жығылды

Опубликовано:

Жұдырық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодар облысында көлік жүргізушілерінің арасында жанжал туындап, салдарынан бірі екіншісін соққыға жыққан. Оқиғаның мән-жайын өңірлік полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға биылғы жылдың 25 мамырында шамамен 18:30-да Орловка елдімекенінде болған.

Жанжал барысында ауыл тұрғыны басқа ауылдың тұрғынына дене жарақатын салған. Сарапшының қорытындысына сәйкес, ол жеңіл түрде жарақат алған.

"Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жолданды", - дейді Шарбақты аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Саян Мұханов.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, арадағы жанжал жолды бөлісе алмағаннан туындағанын айтқан.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 5 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974581-zol-bolise-almai-zanzal-tuyndagan-pavlodar-oblysynda-er-adam-soqqyga-zygyldy/

pixel