Жаңбыр, бұршақ, жел: Демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында 18-20 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Ел аумағында күн күркіріп, өткінші жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді. Одан бөлек оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, 20 маусымда оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі.
Сондай-ақ алдағы күндері Қазақстанның батысында түнде 12-23 градус, күндіз 23-36 градус, солтүстік-батыста түнде 10-23 градус, күндіз 23-33 градус, солтүстікте түнде 10-21 градус, күндіз 25-32 градус, оңтүстікте түнде 15-20, күндіз 25-30 градус, шығыста түнде 5-17 градус, күндіз 23-28 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал.
Сондай-ақ республиканың орталығында түнде ауа температурасының 8-12 градустан аздап жоғарылау күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974631-zanbyr-bursaq-zel-demalys-kunderi-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/