Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық азамат өзімен танысудан бас тартқан әйелді тонап кетті

Опубликовано:

Мейрамхана
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда ер адам өзімен танысудан бас тартқан әйелдің қымбат телефонын ұрлап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шегуші полицияға белгісіз адамның сағат 05.00 шамасында Бейбітшілік көшесінде оның "Айфон 11" маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері 36 жастағы қала тұрғынын ұстады.

"Тергеу барысында 32 жастағы жәбірленушінің кафеде демалып отырғанда күдіктімен танысқаны анықталды. Кафе жабылғаннан кейін, ер адам онымен бірге барып, таныстықты әрі қарай жалғастыруға шақырған. Бірақ айел бас тартқан. Бұл ер адамның намысына тиіп, әйелдің ұялы телефон алып қашып кеткен", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974674-elordalyq-azamat-ozimen-tanysudan-bas-tartqan-aieldi-tonap-ketti/

pixel