Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев
Мейіржан Төребаев. Фото: instagram.com/meirzhach_tv

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі ұзарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 18 маусымдағы қаулысымен күдіктілерге қатысты қамауда ұстау мерзімін таныстыру кезеңінде екі айға дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ақпан айында Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. Алматы тергеу соты оларға кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Кейін Төребаев даулы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, пирамиданың құрылуына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

Ал 19 сәуір күні Төребаев пен тағы үш адам тұтқындалды.

Көп ұзамай Төребаев пен Шерниязовтың 10 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

29 сәуір күні сот шешімімен олар екі айға қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974698-meiirzan-torebaev-pen-meiirxan-serniyazovty-qamauda-ustau-merzimi-uzardy/

pixel