Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат береміз

Опубликовано:

виза
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстан мен Иран президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді. Оның барысында мемлекет басшысы Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Біз Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат береміз. Бұл түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, іскер топ өкілдерінің байланысын жандандырады. Барыс-келіске тың серпін беріп, туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Иран кәсіпкерлері осы жеңілдікті кеңінен қолданатынына сенімдімін", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін, 19 маусымда мемлекет басшысы президент Ибрахим Раисидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына ресми сапармен келді.

Сапар барысында Тегеран қаласында жоғары деңгейде келіссөз жүргізілетіні және оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылатыны хабарланған еді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеимен кездесетіні айтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974736-toqaev-iran-azamattarynyn-qazaqstanda-14-kun-vizasyz-zurip-turuyna-ruqsat-beremiz/

pixel