Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жанкүйерлер арасындағы қақтығыстан кейін 30 адам полиция басқармасына жеткізілді (видео)

Опубликовано:

Жанкүйерлер арасындағы қақтығыс
Видеодан кадр: instagram.com/sportsru_kz

19 маусымда Атырауда ел біріншілігінің ХІV туры аясында "Атырау" мен "Ақтөбе" футбол командалары кездесті. Алайда ойын басталғанға дейін стадионға жиналған футбол жанкүйерлері арасында қақтығыс туындаған. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның баспасөз қызметі жанкүйерлер арасында қақтығыстың болғанын растап отыр.

"19 маусым күні сағат 17:55 шамасында "Атырау-Ақтөбе" футбол құрамаларының ойыны басталмас бұрын стадион алдында жанкүйерлер арасында қақтығыс орын алған. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында құқық бұзушылыққа жол берген 30 адамды ұстады. Олар Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілді", - дейді полиция департаментінен.

Сонымен қатар құзырлы орган қақтығыс кезінде қару қолданылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын, осы оқиға бойынша полиция қызметкерлері тиісті құжаттарды жинақтап жатқанын атап өтті.

"Жалған ақпаратқа сенбеу, ресми органның мәліметіне жүгіну қажеттігін қаперге саламыз. Қақтығыс кезінде жанкүйерлердің қолында түрлі-түсті түтін шығаратын дыбысы бар зат болған", - дейді ведомстводан.

Жанкүйерлер арасындағы жанжал кезінде ешкім жарақат алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974761-atyrauda-zankuierler-arasynda-qaqtygystan-keiin-30-adam-policiya-basqarmasyna-zetkizildi-video/

pixel