Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ресейлік телеарналардың көрсетілімі тоқтатылуы мүмкін бе

Опубликовано:

Теледидар пульті
Көрнекі фото: pexels.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров парламент кулуарында Қазақстанда Молдовадағы секілді ресейлік телеарналардың көрсетілімі тоқтатылуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Молдовада қандай заң бар екенін білмеймін. Біздің елімізде кабельдік желілерді тарату провайдер мен арнаның арасындағы шарттық-құқықтық қатынастар арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекет бұл процеске араласпайды. Мемлекет министрлік атынан бір ғана нәрсені, яғни осында арнаның өкілдігі болғанын сұрайды.

Екіншіден, мемлекет министрлік атынан барлық кабельдік желілерде бірінші міндетті пакетті қамтамасыз етеді, оған отандық телеарналар да кіреді. Ал шетелдік телеарналарға келер болсақ, бұл тұтынушының таңдауы", - деді Асқар Омаров.

Оның сөзінше, егер азаматтар арандатушылық немесе қандай да бір іс-әрекетке шақыру көрсе, онда құқық қорғау органдарына арыз жазуы керек.

Еске сала кетсек, Молдова төтенше жағдай режиміне сәйкес Ресей және басқа да елдердің саяси-әскери сипаттағы жаңалықтары мен хабарларының трансляциясына тыйым салған болатын. Дегенмен шектеу ойын-сауық контентіне қатысты емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974865-qazaqstanda-reseilik-telearnalardyn-korsetilimi-toqtatyluy-mumkin-be/

pixel