Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АрселорМиттал Теміртау" зауытында жұмысшылар қаза тапқан соң екі басшы ұсталды

Опубликовано:

Қамау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында абайсызда төрт адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды деген күдікпен екі басшы қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында төрт адамның өліміне әкеп соққан төтенше жағдайды тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Арнайы комиссия да құрылды.

Қылмыстық істі тергеу барысында кәсіпорын қызметкерлерінен, оның ішінде өндірістегі қауіпсіздік техникасы үшін жауапты адамдардан жауап алынды.

"Қылмыстық кодекстің 277-бабында көзделген қылмыс жасады деген күдікпен (Абайсызда екі адамнан көп адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) қауіпсіз жұмыстарды жүргізуге жауапты екі басшы ұсталды.

Теміртау тергеу соты аталған тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт адамның өліміне әкеп соққан оқиға жұмыс істемейтін жылу пешіндегі отқа төзімді кірпішті бөлшектеу кезінде болған еді. ТЖ салдарынан төрт адам қаза тауып, бір адам ауруханаға жатқызылды.

Көп ұзамай аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974896-arselormittal-temirtau-zauytynda-zumyssylar-qaza-tapqan-son-eki-bassy-ustaldy/

pixel