Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйінен кетіп қалған": Павлодарда күйеуі іздеу салған әйел ішімдік ішіп жүрген жерінен табылды

Опубликовано:

Павлодарда үйінен кетіп қалған әйел табылды
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодарда туыстары іздеу салған әйелдің ішімдік ішіп, қыдырып жүргені белгілі болды. Келіншектің жоғалғаны туралы полицейлерге оның күйеуі хабарлаған, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биыл жедел уәкілдер 28 із-түссіз жоғалған адамды тапқан.

"Ағымдағы жылдың 15 маусымында 55 жастағы ер адам 12 маусымда үйінен кетіп қалған әйелін табу үшін тәртіп сақшыларынан көмек сұрап, хабарласты. Іздестіру шараларына полицияның барлық күштері жұмылдырылды. Нәтижесінде, әйел жоғалып кетпеген. Оның жалдамалы пәтерде ішімдік ішіп жатқаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Полиция берген ақпаратқа сүйенсек, жоғалғандардың басым бөлігі спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын және бейберекет өмір салтын ұстанатын, үйден кетіп, туыстарымен байланысқа шықпайтын адамдар. Тіпті арасында мұны қасақана жасайтындары да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974904-uiinen-ketip-qalgan-pavlodarda-kuieui-izdeu-salgan-aiel-isimdik-isip-zurgen-zerinen-tabyldy/

pixel