Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тау бөктерінде құрылыс салуға тыйым салынады

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласында тау бөктерінде құрылыс салуға тыйым салынады, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Бүгін Алматы қалалық мәслихаттың 22-сессиясында жергілікті бюджетті нақтылау жұмыстары бекітілді.

Жиында оңтүстік астанадағы денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым саласындағы қаражаттың бөлінуі қарастырылған.

Аталғандардан басқа, сессияда депутаттар қаладағы құрылыс регламентін іске асырудың жаңа жоспарын қабылдағаны белгілі болды.

"Халық санының өсуі мен оқушы орындарының тапшылығын ескере отырып, білім беру саласында қосымша 14,3 млрд. теңге қарастырылылып жатыр. Бұл қаражат Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарында 7 500 орындық 5 мектеп салуға, сондай-ақ 19 білім беру объектісіне, оның ішінде 15 мектеп, 4 балабақша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бағытталады", – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974921-almatyda-tau-bokterinde-qurylys-saluga-tyiym-salynady/

pixel