Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша іздеуде жүрген нигериялық ұсталды

Опубликовано:

Ақжарқын Тұрлыбай
Адвокат Cұңқар Нұрмағамбетов және Ақжарқын Тұрлыбай. Фото: Facebook/Cұңқар Нұрмағамбетов

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша күдікке ілінген Нигерия азаматы ұсталды. Бұл туралы қазақстандықтың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Алдын ала мәлімет бойынша 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деген күдікке ілінген Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне "Джонни" шет мемлекеттің аумағында ұсталды", - деп хабарлады адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.

Айта кетейік, 2015 жылы Қазақстанның ішкі істер министрлігі бұл адамға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Нұрмағамбетов толығырақ ақпарат алу үшін Қазақстан ішкі істер министрлігіне адвокаттық сауал жолдағанын айтты.

Жалпы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Шамамен бір ай бұрын Қытай тарапы Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974942-baq-aqzarqyn-turlybaidyn-isi-boiynsa-izdeude-zurgen-nigeriyalyq-ustaldy/

pixel